М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
виктория1289
виктория1289
11.10.2020 12:28 •  Қазақ тiлi

Мен,бен,пен,және,да,де,та,те шылаулары бар сөйлемдерді,маөал мәтелдерді,жұмбақтарды,жаңылтпаштарды жазу! көмектесіңдер; ( менде 1 сағат қалды !

👇
Ответ:
red011
red011
11.10.2020
Ауа мен су,күн көзі-
шын достықтың нақ өзі.

жаман көрші-ұрыс пен керіс
жақсы көрші-алыс пен беріс.
4,6(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NurseRedheart
NurseRedheart
11.10.2020

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. Қазақстанның Қызыл кітабына жан­уарлар, өсімдіктер мен саңырау­құлақ­тар­дың сирек кездесетін және құрып кету ал­дындағы түрлерінің тізімі топтасты­рылған. Бұл кітапқа омыртқалылардың 128 түрі енгізілген, оларды іштей жіктейтін болсақ – балықтар мен дөңгелекауыз­ды­лардың 18 түрі, қосмекенділердің үш түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, құстардың –  57, сүтқоректілердің – 40 түрі. Жойылып кету қаупі бар деп сана­латын қос­мекен­ді­лердің ішінде Жетісу бақатісі, Дана­тин ба­қасы және Сібір бақасы бар. Ал бауы­рымен жорғалау­шы­ларға келсек, олар – ала батбат (кесірт­ке), Зайсан кесірткесі, сұр кесіртке, бақы­раш­көз кесірт­ке, қызыл жолақты жылан, сары жы­лан, сары бауыр жылан, төрт­жолақты жылан, шұбар жы­лан.

4,6(34 оценок)
Ответ:
CawaVlasov
CawaVlasov
11.10.2020

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

балықтың 4,

қосмекенділердің 1,

бауырымен жорғалаушылардың 8,

құстардың 43,

сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

 Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

А

Азия жалпаққұлақты жарқанаты

Алтай арқары

Алып көртышқан

Ақбауыр жарқанат

Б

Барыс (жануар)

Бессаусақты ергежейлі қосаяқ

Бобринский жарқанаты

Боз ергежейлі қосаяқ

Г

Гептнер ергежейлі қосаяғы

И

Иконников жарқанаты

Итаю

К

Кеңқұлақты жарқанат

М

Мензбир суыры

О

Орман сусары

Р

Роборовский атжалманы

С

Сабаншы

Т

Тянь-Шань арқары

Түрікмен құланы

Ш

Шұбар күзен

Қ

Қазақстан арқары

Қаратау арқары

Қызылқұм арқары

Ү

Үнді жайрасы

Үстірт арқары

4,6(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ