Шешендік сөздер туралы шығарма.
Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын дидактикалық жанр.
Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған.
Шешендік өнер суырып салма ақындықпен жақын келетін сирек кездесетін дарын, әрі қасиет. Әркімнің қолынан келе бермейді, себебі ол терең ой мен ұтқыр шешімге құрылады.
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Кезінде үлкен дау – жанжалдың барлығы билер айтқан шешtндік сөздерге тоқтап, өз шешімдерін табатын болған. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқының шешендік сөз өнері XII-XIII ғғ. Аяз би мен Майқы биден басталып, Асан қайғы, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әз Жәнібек, Махамбет пен Сырым батыр шешендіктерінен өз жалғасын тапқан.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – өшпес мұра, ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына екенін ұмытпайық.
Объяснение:
Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін бере білсек, бұл бала тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымның да қосар үлесі көп. Білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатыны баршамызға мәлім.
Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Ата-аналарымыз тәрбиеші мен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етсе, жас бүлдіршіндеріміз саналы боп өседі деп ойлаймын. Балал
арымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәрбиелі ұрпақ екенін естен шығармауымыз қажет. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ, әрі міндет.
Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тірбиелеу өз қолымызда. Ұрпақтарымыз ұлағатты болсын десек, «ұлы сөзден – ұлағат» екенін ұғындыра білуіміз қажет. Сонда ғана «ұлтым» деп мақтанатын болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналатын ұрпақ болатыны сөзсіз.
поверь я казахский хорошо знаю