М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Iryna452
Iryna452
02.02.2020 07:48 •  Қазақ тiлi

Написать про куз простите нет казахской клавиатуры

👇
Ответ:
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. 
4,7(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
itsnastyad
itsnastyad
02.02.2020

Менің сүйікті тағамым.

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз ет пен манты тағамын сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндерге үнемі манты пісіріп, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады.

Манты – орталық Азия халықтарының қамыр мен туралған (немесе тартылған) еттен әзірленетін ұлттық тағамы. Етті қолдан ұсақтап турап немесе тартылған еттен әзірлейді. Манты пісіру үшін арнайы дайындалған қамырды жұқа етіп, оқтаумен жайып, төртбұрыштап немесе дөңгелектеп ұсақтап кеседі де, ет пен пияз, тұз, бұрыш қосып дайындалған фаршты үстіне көз мөлшермен салып жиектерін, саусақтың ұшымен жапсырады. Отбасымызда мантыны мерекелік күндері әзірлегендіктен, барлығымыз анамызға көмектесіп, мантыны бірге түйеміз. Қалауыңық бойынша ет пен пиязға асқабақ немесе орамжапырақтыұсақтап турап қосуға болады. Түйілген мантыны арнайы табақша ыдыстарға тізіп салып, буға 40 – 45 минут пісіреді.

Манты піскенше тұздығын дайындауға болады. Біз үйде тұздығына пияз бен сәбізді қосып, қуырамыз. Сәлден соң үстіне кішкене су құйып, тұз бен қызанақ пастасын қосамыз.

4,6(25 оценок)
Ответ:
vvashr
vvashr
02.02.2020
Жаз мезгілі мен үшін өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды ауылда атам мен әжемнің қасында өткіздім. Ата мен әже өмірдегі ең мейірімді адамдар екенін екінің бірі біледі. Менің де ата-әжем басқа ата-әжелердей өте мейірімді, өте ақылды адамдар. Жазда ауылға баратынымды естігеннен бастап қуанғаннан ұйықтай алмадым. Ауыл деген керемет қой. Ауылға барғаннан бастап көптеген достар таптым. Біз білмейтін нәрселер ауылда өте көп екен. Ал, ауылдың табиғатын айтсаңшы, Өте керемет! Таңертең оянған кезде  терезеңнің түбінде құстардың сайрағанын естіп жатқан керемет бір рақат сезім. жалпы ауылда демалысымды керемет өткіздім десем өтірік айтпаған болар едім.
4,5(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ