М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
natalia27347
natalia27347
03.11.2022 15:43 •  Қазақ тiлi

5поговорок на казахском желательно с переводом!

👇
Ответ:
1. Денсаулық – зор байлық. Здоровье – клад бесценный. 2. Жарлының байлығы – дененің саулығы. Богатство бедняка – его здоровье. 3. Ауру атанды да шөктірер. Болезнь и верблюда – с ног валит. 4. Ауру кірді — әлек кірді. Болезнь пришла – беда в дом вошла. 5. Ауру батпандап кіріп, мысқалдапшығады. Болезнь входит батманами*, а выходит мискалями**. 6. Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. Больной не выносит смеха, конь – тяжелую ношу. 7. Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады. Болячки передаются через руки, парша – через тюбетейку. 8. Ауруын жасырған бөледі. Кто болезнь свою скрывает, тот со смертью играет. 9. Батыр бір оқтық, Бай бір жұттық. Бай – до первого джута, батыр – до первой пули. 10. Ағын судың арамдығы жоқ. В проточной воде грязь не держится. 11. Бас ауырса жан қорқады. Голова начинает болеть – душа покой теряет. 12. Қай жерің ауырса, Жаның сол жерінде. Где болит – там и душа. 13. Жұғың бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар. Где мусор – там и мухи, где мухи – там болезни. Могу только на русском — Пусти по реке кусок хлеба — он вернется к тебе с маслом
4,6(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
islamreal99
islamreal99
03.11.2022

«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!

Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.

Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?

Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.

Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.

Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.

Оқушылар: Рахмет, ағай!

Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?

Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.

Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...

4,7(75 оценок)
Ответ:
snddrayuk
snddrayuk
03.11.2022
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.

Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.

Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.

Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.

Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.

4,7(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ