Объяснение:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған
Қазақстанның ежелгі қалалары.
Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз - археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала қоныстары. Тарих беттерінен Басқамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб, Мерке секілді қалалар барлығымызға мәлім. Енді осы ежелгі қалалар ішінде ең көне және ең танымал бес қала жайлы айта кетейік.
Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.
Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. "Қасиетті" деп атауымның бірден - бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.
Шамамен 1400 жылдай тарихы бар Құлан қаласы да көне қалалар тізімінде өз орны бар. Саяхатшылар қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі.
Қазақстанның орта ғасырлардан бері әйгілі қалаларының бірі - Отырар қаласының шамамен 1300 жылдан астам тарихы бар. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі. IX ғасырда қала мәртебесіне көтерілді. Отырар қаласы құрылған кезінен бастап аса ірі кітапхана мен мәдени ошақтарға бай болды.
Бұл тізімде бесінші орында иемденген 1000 жылдан астам тарихы бар қала - оңтүстік астанамыз Алматы қаласы. Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді.
Сіздің бұл көне қалалар жайлы естуіңіз бар ма?