М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dmitry321123
Dmitry321123
31.08.2021 11:34 •  Қазақ тiлi

Кемеңгер дана абай тақырыбына шығарма керек еди көмектесініздерші

👇
Ответ:
вёдра
вёдра
31.08.2021
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді». (Ж.Ысмағұлов.) Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.
4,8(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Аннаlove2017
Аннаlove2017
31.08.2021

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.[1][2]

4,5(4 оценок)
Ответ:
vasilarina06
vasilarina06
31.08.2021

/upd/2014/0220/1392874648530594986510b9.32209540.jpgЖалпа а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?  

    Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.

    «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.

    Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.

   /upd/2014/0220/1392874165530592b5572277.61855176.jpegМысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.

    Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде.

    Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.

    Жұмсаған еңбегіміз жемісті болмай жатып, айналамыздан келетін әр түрлі ықпалдар мен керітартпаларға, еңбегімізді құнсыздай көрсететіндерге оңай беріліп, бұл ісімізден бас тарту сабырсыздық болып табылады. Олай болса, бір сәтте болса да ойланып, «Бұл іс мен үшін қаншалықты маңызды?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қандай жағдай болса да бастаған ісімізден ешқашан бас тартпауға тырысу керек. Өйткені, жетістікке қол жеткізген сәтте ғана қаншалықты дұрыс қадам басқанымызды түсінеміз.

    Олай болса, ұзақ уақыттар бойы сабыр етіп, жұмсалған еңбектер бамбук ағашындай ең берік және ең дұрыс нәтижелерге алып барады. Яғни жемісіміз қиыншылыққа төтеп беріп өскен, оңайлықпен бүгіле қоймайтын бамбук ағашындай болады.

    Сондықтан да жетістікке жетудің сыры – қажырлы еңбек, сабыр ету, еңбегіміздің босқа кетпейтініне сену, дереу баз кешпеу болып табылады.

    «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек.

Объяснение:

4,6(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ