Ғафу Қайырбеков(15 тамыз 1928 Қостанай облысы, Торғай) – 1994) – ақын.Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік ба поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» ба поэзия редакциясының меңгерушісі болды.«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.
Жеңіс күні – Совет үкіметінің фашистермен болған Ұлы Отан соғысы кезіндегі жеңіске жеткен күні. Бұл 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды. 1945 жылы 8 мамыр күні орталық Еуропа уақытымен сағат 22:43 (Мәскеу уақытымен 9 мамыр 0:43) болғанда генерал-фельдмаршал Вильгем Кейтель және генерал-полковник Штумпф пен адмирал Кригсмарин Германияның жеңіліс тапқаны туралы Актке қол қойып Мәскеуге жіберді. 1945 жылы 9 мамыр күні Орталық Фрунзе әуежайына келіп қонған «Ли-2» ұшағынан экипаж мүшесі А.И.Семенков Мәскеуге қол қойылған Актіні жеткізді. 1941 — 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты.Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы болып саналған
Аты жақсы далада қалмас.
Семіздікті қой ғана көтереді. Жақсы ит өлігін көрсетпейді.