Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма? - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз. - Неліктен? - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді. - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә? - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды! - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе? - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек. - Ал ауаны қалай ластамауға болады? - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру. - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар? - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. - Оттегі деген не? - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады. - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.