М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
olgakoryakina
olgakoryakina
19.09.2022 21:24 •  Қазақ тiлi

Қорқыт атаның туған жері - қараспан таулары. ол дүниеге келер алдында анасы құлан етіне жерік болыпты. анасы қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті. оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. осылай үш жылдың ішінде бейшара әйел үш мәрте толғақ азабын бастан кешіп, тек үшінші ретте ғана босаныпты. қорқыт туатын күні бүкіл дүние сұмдық қиналып азаптанғандай күй кешеді. аспанды қара бұлт басып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, сұрапыл қара дауыл соғады, төңірек астан-кестен, алай-дүлей болады. бір сұмдықтың жақындағанын сезген ел-жұртты қатты қорқыныш билейді. осы оқиға жайында ел ішінде мынадай өлең жолдары сақталған: қорқыт туар кезінде қараспанды су алған, қара жерді күл алған. ол туарда ел қорқып, туған соң әбден қуанған! қорқыт туа салысымен, арқырап соққан жел саябыр тауып, бұлт тарқап, күн сәуле шашады, дуние нұр-шуаққа малынып жүре береді. табиғатқа жан бітуін жақсы нышанға ған жұрт: «бұл бізді қорқытып туылғаны үшін аты қорқыт болсын! » - деп ұйғарып, оның есімін қорқыт қояды. молда азан шақырып, жаңа туған нәрестенің құлағына: «сенің атың қорқыт! » - деп үш рет айқайлайды. қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болды. жасынан ұшқан құспен, жүгірген аңмен, соққан желмен, жауған жаңбырмен қоса жарысты, айнала қоршаған табиғатпен ортақ тіл тауып, сонымен бірге өсті. жылдар өтіп, ержетіп, тепсе темір үзетін жігіт жасына жеткенде, ол бір түс көреді. түсінде оған ұзын аса таяқты, ақ сақалы белуарына түскен әулие қария келіп, былай деп аян береді: «ей, қорқыт, тұр орныңнан! менің айтқанымдай саз аспабын жаса. бұл аспаптың үлкендігі алты жасар атан түйенің асықты жілігіндей болсын. аспабыңның аты - қобыз. осы қобыз сенің шабытыңды қияға самғатады, сапар шексең, жолыңа жарық түсіріп, сәуле шашады, өзіңді пәле-жаладан сақтайтын желеп-жебеуші серігің болады». қорқыт ояна сала, көрген түсін ойлайды. тура өңінде болғандай. осы арада өзінің жан-жүрегін құйқылжыған әуендер кернегенін, тілдің ұшына ағындаған өлең-жыр келгенін аңғарады. ол бірден қобыз жасауға кірісіп, оны тура түсіндегі әулие шалдың айтқанынан айнытпай жасап шығады. бұдан соң аспапты қолына алып, құлақ күйін келтіріп, ойнай жөнеледі. оның жан-жүрегіне тыным бермеген әуен-саз қобызды бусандырып, күллі дүниені ғажайып күймен тербетіп жібереді. ұшқан құс, жүгірген аң, соққан жел тына қалып, қобыз төккен күйге құлақ қояды. сделать . 1қ. білу. қорқыт қай жерде туған? анасы қорқытты құрсағында қанша жыл көтеріпті? қорқыт туатын күні табиғатта қандай өлең жолдары сақталған?

👇
Ответ:

1. Қорқыт атаның туған жері - Қараспан таулары.

2. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті.

3. Қорқыт туар кезінде

Қараспанды су алған,

Қара жерді күл алған.

Ол туарда ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған!

4,6(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ернур150400
Ернур150400
19.09.2022
Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады.   салма – ұннан дайындалатын тамақ түрі. салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындайды. дәмді болуы үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салған жөн. қамырды оқтаумен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп, не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріледі.   қаттама нан. май, жұмыртқа, сүт құйып, қатты етіп иленген қамырды жұқалап жайып, жайманың бетіне май жағады, оны оқтауға орап, пышақпен бірнеше етіп бөліп, әр бөлікті қайтадан жаяды. бөлшектелген нан қазанда қыздырылған майға пісіріледі.      таба нан – табаға пісірілген нан. тандыр нан – тандырға пісірген нан. талқан – қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақтап дайындалады. ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады.   жент (қоспа) – қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. жент былғау шеберлікті талап етеді. ақталған тарыны келіге түйіп (немесе диірменге салып) ұнтақтайды. оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. содан соң, қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. жент майды бойына сіңірген соң, ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады.        айран – ұйытылған сүт. оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.   қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. қатық піскен сүттен де ұйытылады. қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады. шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. сөйтіп қасықпен жақсылап араластырады. бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. шалап түйе сүтінен ашытылады. бұл әрі сусын, әрі тағам. қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. сары қымыз дертке шипа, денеге күш. қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. сөйтіп, жаңа қор жасалады. жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады.
4,4(78 оценок)
Ответ:
mishinevav
mishinevav
19.09.2022

Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері

• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.

• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.

• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.

• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.

• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

• Жақанов — Қожаның сыныптасы.

• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".

• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.

4,8(84 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ