Эссе
Жолдасы көптің - олжасы көп.
Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні олар мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды естиді.Осы кезде Асан достарына бұл экскурсияға қатысуды армандайтынын,бірақ жоба жасау қолынан келмейтінін айтады.Берік пен Бағдат Асанның арқасынан қағып:"Жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз" деп қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдасып,іске кіріседі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
Сөз өнері — өлеңде.
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса.
Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.
Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңнен айырар;
Иә жаубетін қайырар. 3. Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
4.Өздік етіс
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)
Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.