Қуат көзіне эл.энергия,баламалы энергетика,жел энергетикасы жатады.Эл. энергия-қолайлы жақтары көп.Оны механикалық,жарық,жылу қуатына айналдырып сым арқылы тасымалдауға болады.Өлшем бірлігі ватт.Электр қуаты барлық шаруашылықтарда қолданысқа ие.Баламалы энергия-қуатты қазба көздерінен емес,күннен алу.Жел энергетикасы-техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылған энергия саласы.Желдің күшімен алынатын электро энергия-жел энергиясыда шаруашылықта көбінен пайдалана бастады.Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2017 жылы ЭКСПО-2017.Болашақ қуаты атты көрме ашылды.Көрмені көруге 4 миллион адам келді.Көрменің символы ретінде Қуат,Мөлдір,Сәуле жарияланды.Қуат-күш,билік,жерден алынған энергия.Мөлдір-айқын,таза,судан алынған энергия,Сәуле-күн сәулесінен алынған энергия.Көрменің басты тақырыбы -Нұр Әлем кешені.Оның биіктігі 100м. ал диаметрі 80м.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.