М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
люба358
люба358
09.05.2022 18:39 •  Қазақ тiлi

Казак халкынын ерекше 10 салт дастурлеры

👇
Ответ:
dazz4
dazz4
09.05.2022
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән,күйлерді тыңдай отырып, билерін,ою-өрнектерін,зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз, қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тән бауырмалдық,ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әрхалықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап,бірін-бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.

Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.

Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді
4,4(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
444m
444m
09.05.2022

Жазу шамамен бес жарым мың жыл бұрын пайда болды. Шумерлер жазып, не болмаса ұшына палочками, выдавливая арналған саз балшық тақтайшаларға штрихтар түрінде сыналарды. Осыдан осындай хаттың атауы пайда болды — сына жазуы. Ежелгі уақытта адамдар жай ғана қарастырылған заттарды салған. Мұндай рецепттер әртүрлі халықтар арасында болды: мысырлықтар, ацтектер, қытайлар және басқалар — содан кейін олар да нақты жазбаларға айналды. Естімейтін адамдар қолданатын ымдау тілдері бар. Оларда сөздер қол қимылымен беріледі және мұндай тілдер әдетте жазылмайды: хатта олардың сөйлеушілері естіген адамдар сияқты сөздерді қолданады.

Объяснение:

4,4(18 оценок)
Ответ:
kokoulina68
kokoulina68
09.05.2022
Өмір дүние дегенің-ағып жатқан су екен. Неліктен? Себебі өмір адамға тек бір рет қана беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа өмірде сен өзіңнің пенделік, азаматтық борышыңды атқаруың керексің. Сен бостан босқа алтын уақытыңды зая кетіретін болсаң өмірің көзіңді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Өз уақытыңды бағалап, оны үнемдеп, өмірде жақсылық жасап, қасыңда жүрген ата-анаңа, туыстарың, достарыңа қамқор болып оларды сыйлау керек. Сондықтан да Абай:
"Өмір дүние дегенің,
Ағып жатқан су екен.
Жақсы жаман көргенің,
Ойлай берсең у екен"- деп бекер айтпаған екен.
4,6(62 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ