Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Дидактикалық міндетерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс - әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Іс - әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар:
- пәндік – практикалық;
- пәндік - ойлау;
- практикалық белгілеу;
- ойлау белгілері арқылы.
Пәндік – практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие.
Пәндік – ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс - әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген. (түрлі есептрді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).
Ойлау белгілері іс - әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды. (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б).
Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
2. Іздену (шығырмашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді.
Іздену әдістері оқушыларды білізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
Ақпарат көздері арқылыоқыту әдістерінтүрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
1. Сөйлеу әрекеті арқылы:
- Әңгімелеу;
- Түсіндіру;
- Лекция;
- Сұхбаттасу;
- Оқулық мәтінімен жұмыс;
- Дыбыс жазу таспаларын пайдалану;
- Нұсқау беру;
2. Көрнекілік:
- Демонстрациялау;
- Оқушының өзіндік бақылауы;
3. Практикалық;
- Жаттығу;
- Өндірістік – техникалық есептерді шешу;
- Зертханалық – сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.
Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.