«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін. Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек. Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы, Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді, Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Жұмбақтар:
1) Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр. (Бүркіт)
2) Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қпарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)
3) Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді. (Құлып)
Жаңылтпаштар:
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Класта ақ бор бар,
Көк бор бар,
Көп бор бар.
Талғат балға тап,
Оншақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.
Дөң жатыр,
Дөнде тон-тоң көн, жатыр
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Мақал мәтелдер:
1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
3. Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
4. Көш жүре түзеледі.
5. Қайтып келер есікті қатты жаппа.
6. Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
7.Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.
Сөйлемдер:
Біз күткен поезд біраз мезгілінен кешігіп, түн ортасы ауа келді.
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну
мүмкін емес.
Қарлығаш мәтінді жылдам оқып шықты.
Айжан сабаққа ерте келді.