Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі -Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен біргеКадет корпусы1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
О здоровье
1Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
2Денсаулық — зор байлық.
3Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
4Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
5Өлгенге өкпе жүрмейді.
О дружбе
1Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
2Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
3Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.
4Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.
5Ауыр сөз айтқан дос емес.
6Босқа бергенше досқа бер.
7Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
8Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.
9Дос — ажарың, жолдас — базарың.
10Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
11Дос бергеннің түсіне қарама.
12Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір).
13Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
14"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.
15Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.
16Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.
17Дос егіз, дұшпан сегіз.
ОБ Уме
1Адамның жүзі ақылдың айнасы.
2Айғайлы жерде ақыл аз.
3Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
4Айлалы түлкі алдырмас.
5Айласыз батыр алдырар.
6Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
7"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".
8Ақыл ағадан, ілтипат ініден.
9Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.
10Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
11Арамдық озбайды.
12Ақыл айнымас, алтын шірімес.
13Ақыл айтсаң батыл айт.
14Ақыл — алтын сандық,
адамына қарай ашылар.
15Ақыл — арман, ой — өріс.
16Ақыл ауыздан, мерей көзден.
О ДОБРОТЕ
1Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.
2Қайыр бар жерде ырыс бар.
3Қайыр қылсан, бүтін қыл.
4Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас.
5Жақсылық жерде қалмайды.
6Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен.
7Жақсылықтың ерте-кеші жок
Про любовь к сожалению незнаю.