Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
-сәлем. - сәлем. - Сен қандай жеңіл атлетикаға барасың ? -Мен жүгіруге барып жүрмін,біз онда күнде 2-3 км жүгіреміз. -Сен денсаулығыңды қалай күтесің ? -Мен денсаулығымды жемістер мен көкөністер жеу арқылы күшейтемін, тәтті жемеймін. -Сен қаншалықты жылдам жүгіресің ? -Сен ауыр атлетикаға барып жүрсің бе? -Иә, мен ауыр атлетикаға барып жүрмін. -Сен онда не істейсің? -Мен онда штанга көтеріп дайындаламын. -Енді мен жеңіл және ауыр атлетикаға барғым келеді. -Неліктен? -Мен мықты әрі әрқашан сау болғым келеді. -Жақсы. -Сау бол. -Сау бол.
Ілік- мектептің даланың
Барыс- мектепке далаға
Табыс- мектепті даланы
Жатыс - мектепте далада
Шығыс- мектептен даладан
Көмектес - мектеппен даламен