ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (А.С. Пушкиннен) рет оқылды Амал жоқ — қайттым білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын. Талапсыз, бақсыз мен сорлы Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан. Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем күйіп мен жанып, Айында бірер көрсем де. Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға ¥зақ түн жұмбай көзімді. Қызықтан қашып бұл жерге Көңліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе алмаймын еріксіз. Келмесең егер сен бізге, Сау болмас па ем, әлбетте? Болмасам ашна мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке. Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай, Бармас па ем ерге өзім де? Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек. Әзелде тағдыр иеден, Қожам — сенсің, не керек. Тіршілігім — құрбандық, Шыдамай сені көргенше, Тәңірімнен келген бұл жарлық, Ием — сенсің өлгенше. Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңліме. Қүдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені, «Осы екен ғой — сол», — дедім. Жатқан сайын ұйқыға Дұға оқушы ем, шошынып. ¥натып мені құлқыңа, Жүруші едің қосылып. Түсімде мені жұбантып, Жылы сөзбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді көңіл өсіп. Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы? Әлде азғырып әуре еткен Жаумысың теуіп таптаушы? Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі — алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс. Не болса да, өзімді Тапсырдым сізге налынып, Толтырып жасқа көзімді, Есірке деймін жалынып. Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды, Білдірмей күйін өтейін. Күтемін сізден қайта хат, Қуандырып дертім жаз. Ол болмаса, шыныңды айт, Кінә өзімде, өзіме аз. Өз хатыма өз көзім ¥ялып, қорқып баға алмас Кепілім менің — бір өзің, Бөтен жан тесік таба алмас. Толық нұсқасы: http://abai-inst.kz/?p=743 | Абай институты
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.б
Сарыала жапырақтар Қонады қалқып ұшып. Мүлгиді атырап бар Жамылып алтын ішік. Бу шығып бүйірінен Ағады жылға-бұлақ. Ақбөкен үйірімен Барады Сырға құлап. Дәнді алқап жалтылдайды, Жайғандай дүзге кілем. Жер-Ана ән тыңдайды, Аққулар тізбегінен. Қайың тұр амал қылып, Шық моншақ тағынып ап. Сүйеді самал – жігіт Қалғандай сағынып-ақ! Бұлбұлдар сайрамады, Бұтаққа жайғасып жай. Дөңгелеп Ай барады, Әлемнің айнасындай! Тәкәппар тау-шыңдар да Өрлейді сүйіп өрін. Қызығы таусылған ба, Думанды дүниенің?!
Отан (Мұқағали Мақатаев)
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға – сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз – Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе, Отанның сен не екенін? (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан – мекенің!
Бірім – бір, Екім – екі. Үшім – үш, Төртім- төрт, Бесім –бес, Алтым – алты, Жетім – жеті Сегізім –сегіз, Тоғызым – тоғыз, Оным –он, Он бірім – Оны тапшы ай, күнім? Бір деген – белеу, Екі дегенің – егеу, Үш дегенің – үскі, Төрт дегенің – төсек, Бес дегенің – бесік, Алты дегенің – асық, Жеті дегенің – желке, Сегіз дегенің – серке, Тоғыз дегенің – торқа, Он дегенің – оймақ Он бір – қара жұмбақ.
Толық нұсқасы: http://abai-inst.kz/?p=743 | Абай институты