М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
PomogiSPb
PomogiSPb
11.08.2022 15:22 •  Қазақ тiлi

Составить диалог на тему: природа родной земли, на казахском языке. либо на ,я потом переведу.

👇
Ответ:

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», — дегендей, жағымды сөз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, өмірге құлшынысын арттырады. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын өзіне алады және мәңгіге алады.

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол Әр адамның туған жері болады.Туған жер-біздің туып өскен жеріміз.Адам туған жерді елімен,өткен күндермен және болашақпен байланыстырады.Қай жерде  болса да  адам өз туған жерін сағынады."Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас"-дейді халық.Менің туған жерім-Қазақстан.Қазақстан-ірі мемлекеттердің бірі.Қазақстанның кең даласы,биік таулары,көгілдір көлдері сұлулығымен көз тартады.( здесь еще пару предложений о Казахстане  можно дописать)Менің туған жерім өте сұлу және мен оны сүйемін,мақтан тұтамын!сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі

4,5(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mariii222
mariii222
11.08.2022

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

4,7(70 оценок)
Ответ:
lizayudkina
lizayudkina
11.08.2022

Менің Түркияға алғаш саяхатым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!

4,7(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ