Негізгі етістік. Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады.Мысылы: кел, кет , айтпадым жаз. Түбір етістік және басқа сөз таптары на жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысылы : ой -ла ,сан -а, жу -ын, Есеп - те.
1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Бірінші байлық - денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді. Спорт сенің серігің- Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- Қимыл менен қозғалыс, - дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз.