М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Черкашина11
Черкашина11
07.06.2020 03:49 •  Қазақ тiлi

Туган жердин ауасы да шипа такырыбына шыгарма

👇
Ответ:
ilnasgo54
ilnasgo54
07.06.2020
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады.
Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда
отанға деген махаббат сезімі оянады.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер,
туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.
Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады.
Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті.
Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.
Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін,
бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын.
Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін.
Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын,
«Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің.
Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та
өмір бойы мен үшін балалық
шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным.
Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
4,4(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Zavgorodnev04
Zavgorodnev04
07.06.2020
Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу – 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға – қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
4,8(91 оценок)
Ответ:
Linamalinagamnina
Linamalinagamnina
07.06.2020

Болашақ мамандығым - дизайнер.

Болашақ жайлы ойлағанымды мені жиі "қандай мамандық иесі боламын?" деген сұрақ мазалайды. Қай мамандықты алып қарасақ та өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары болады. Біреулер керемет дәрігер болса, енді басқалары ұлағатты ұстаз болады, ал менің арманым дизайнер болу,  атап айтқанда киім дизайнері болуды армандаймын. Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер дизайнер әрі тігінші болсам, мен өзіме және отбасыма қажетті сәнді және күнделікті киімдерді тігіп беруші едім. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар мен жейделер. Ал, менің еңбегімді ұнатып, тапсырыс беретін жандар табылса, онда өзіме ұнаған іспен айналысып қана қоймай, ақша табатын едім. Сәннен қалмай әдемі киімдер тігу үшін үнемі біліміңді шыңдап, сән әлеміндегі жаңалықтардан да хабардар болу керек. Мен болашақта сән әлемінің астанасы саналатын Милан және Париж қалаларында өзімнің сән апталығымды өткізсем деп армандаймын.

4,7(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ