Мен муражайда болдым. муражай улкен. муражай быздын көшеде бар. мен анаме, акемен , бардым. сосын сыныптармен бардым. оте коп барды. маганда , оларга унайды муражай ты пиши правильно я написала не правельно аха я дария55 пока
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін. Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін. Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.
1. Баянауыл мекені орыс казактарының күшімен 1826 жылы салынды. 2. Казак мекенінің бірінші атаманы болашақта атақты географ, этнограф, саяхатшы және ғалым болатын Григорий Потаниннің әкесі Николай Потанин болған. 3. Баянауыл ауданында Бұқар жырау, суырып салма ақын, әнші Жаяу Мұса, тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтпаев, Қазақстанның атақты ғалым-энергетигі Шафик Чокин, философ, әрі әдебиеті Мәшһүр Жүсіп Көпеев, тұңғыш қазақ кинорежисеры Шәкен Аймановтар дүниеге келген. Осы жерде қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 4 жасынан бастап өмір сүрген. Кейін ақынның атына сол жердегі көл Торайғыр атанған. 4. Торайғыр көлі. Торайғыр көлі көлемі жағынан үшінші, әрі теңізден айрықша жоғары орналасқан көл болып табылады. Оның суы Жасыбайдыкі секілді тұнық емес, сондықтан шомылатын жер ретінде атағы шыға қоймаған, дегенмен оның балығы көп. 5. Мыстан кемпір шыңы. Туристер арасында "Кемпір-тасс" шыңы атақты болып танылады. Жергілікті тұрғында мен альпинистер оны "Мыстан кемпір" шыңы деп атайды.