Объяснение:Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б. Қазақ тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар.Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады.Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын,іс-әрекетін,ой-өрісін бейнелеп,нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.