Алматы қаласы туралы 10 сөйлем.
1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.
2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.
3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.
4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.
5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.
6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.
7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.
9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.
10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.
Қызғалдақ əдемі əрі хош иісті гүл(тюльпан красивый и ароматный цветок).
Қызғалдақты жұлмаған абзал(тюльпан не следует вырывать).
Қызғалдақтың əлемде бес мыңнан астам түрі бар(в мире есть более пяти тысяч видов тюльпана).
Мен қызғалдақты ұнатамын(мне нравится цветок тюльпан)