Алдар Көсе - менің ең сүйіп оқитын ертегімнің бірі. Бұл ертегінің басты кейңпкері кедей мен жарлылардың қамқоршысы туралы. Ол сараң, бай адамдарды алдап, келемеждеп, күлкіге айналдырып, тақырға отырғызып кетеді. Сөйтіп жүріп, ол өзі де бай болуға талпынбайды. Керісінше өзі секілді "жоқ" адамдарға көмектеседі. Ертегі арқылы сараң, тар адам болудың еш пайдасы жоқ екенін көреміз. Керісінше бір-біріне қол ұшын беріп жүру керек. Сонда өзгеден өзің де көмек күте аласың. Сараң, байлардың орнында болсаңыз, байлықтан көз байланып, алданып жүргеніңіз.
шыгарма Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.
олен АНА ТІЛІ Мейірі мол балаға Барлық, барлық анаға, Басымызды иеміз, Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп, Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз.