таэквондо - шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. корей халқының ұлттық спорты ретінде мәлім.2000 жылдан бастап олимпиядалық спорт түрі болып саналанады. таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, екінші жағынан заманауи күрес жүйесі болып табылады. таэквондо ежелгі корей қағидаларына, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған.таеквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, мақсаты жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. таеквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы не нәрсе жасаса да ойланып барып орындайтын
Цирк
Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар (клоундар) елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.
Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.