М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
krasilovaen
krasilovaen
03.02.2023 16:53 •  Қазақ тiлi

7предложений на казаском вот темы: абай кунанбаев; ыбрай алтынсарин, бас ұстазы; казак халкынын салт дəстурлері; алғышкы устазым; ұлы жінеске 70жыл.

👇
Ответ:
alina124561
alina124561
03.02.2023
Абай Құнанбаев - ерекше тұлға. Абай атамыздың тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар а деген ескертуін естен шығармайық. Ыбырай Алтынсарин ұлы ағартушы, оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар деп оқудың өмірдегі орнын бізге көрсете білген. Ол ұстаздардың ұстазы, бас ұстаз десек болады. Қазақ халқының салт- дәстүрлері ежелден қаймағы бұзылмай сақталып келеді.  Алғашқы ұстазыма алғысым шексіз. 2015 жылы ұлы жеңіске 70 жыл болды.
4,6(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
зулейха4
зулейха4
03.02.2023
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. 
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты,  ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл  жаман.
Қарама қарсы  топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. 
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
4,7(72 оценок)
Ответ:
hiko35773
hiko35773
03.02.2023

ответ:Танертең сағат 6.00 ұйқыдан тұрдым. Төсек орнымды жинастырып, жаттығу жасауға кірістім. Аяқтаған соң, шамамен, 6.30-дарда болу керек шәй қойдым да, жуынуға кеттім. Қайта келіп, дастархан басына отырдым, ноутбукті қостым, бүгінгі күннің ауа райымен, басты жаңалықтарымен танысып шықтым. Әдеттегідей, шәйдан соң сабақтарымды қайта қарадым. Уақыт жеткілікті... Біраз жүгіріп келсем де болады. Ал ендеше қарап жатқан болмас дедім де унтверситет алдындағы Ақбұлақты бір рет айналып, жүгіріп шықтым. Ауа райы керемет. Көңіл-күй көтеріліп қалды. Сағат тілі 8-ге де жақындап қалыпты ғой, сабаққа барайын. Жатақхана мен оқу корпусы арасы 5 минуттық жол. Сабаққа дайын болған сайын оқытушының келгенін асыға күтесің. Тапсырмаларды ойдағыдай тапсырып, келесі сабаққа, сосын басқа сабаққа...әйтеуір, осылай жүріп, сағаттың 2 болғанын білмей қаласың. Таңда сенімен қимай қоштасқан жатақханаға барып, бір-екі кесе шай ұрттайсың да, біліммен сусындататын "кітапхана" атты досыңа барасың. Сан саланы қамтитын кітаптарды көргенде жәннатқа түскендей күй кешесің. 2-3 сағат өте шығады. Ал міне, Жұлдыз(дебат клубының координаторы ғой, ал, мен сол клуб мүшесімін) хабарласты. Осы қыз ылғи менің жағдайымды сұрап, жиналысқа шақырады. Білгендерімді 1-ші курс студенттеріне үйретсін дейді-ау шамасы. Әдеттегідей, бас корпусқа барып, азды-көпті білген-түйгенімді іні-қарындастарыма үйретемін. Шамамен, 8-дерде жатақханама қайтып, ас дайындаймын. Кешкілік дастархан басында отырғанда ас ішумен қатар өз-өзіме есеп беремін. «Бүгін мен не істедім», «ертең қандай жоспарларым бар»...сұрақтар осылай шыға береді. Анамның «ас ішіп болған соң таза ауада жүріп қайт» деген ақылына құлақ асып, жарты сағат көлемінде жатақхана маңында жүріп, таза ауамен тыныстаймын. Қайта келген соң, 2-3 сағаттай сабақ қарап, уақыт артылып жатса, әлеуметтік желілерде достарыммен сөйлесемін. Түнгі сағат 1 ұйқы уақыты, яғни, жылы көрпеме оранып, ұйқыға кетемін...

Объяснение:

4,7(91 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ