М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maksborovkov20oxdws5
maksborovkov20oxdws5
21.11.2022 11:31 •  Қазақ тiлi

Выпишите глаголы! алакөл – тұзды ағынсыз көл. ол алматы және шығыс қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. көлдің оңтүстік-шығыс жағында жоңғар қақпасы орналасқан. батыс жағында көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. шығысында – қабанбай ауылы. бұл ауыл ған туристік инфрақұрылымымен ерекше, қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде барлық-арасан курорты орын тепкен. алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан қара және өлі теңіздерге ұқсайды. сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады. көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. бұл ретте алакөл аумағындағы қ аулау мен аңшылық өте танымал. туризм бұл аймақта 10 шақты жыл келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. сонымен қатар қабанбай мен көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.

👇
Ответ:
dimas194
dimas194
21.11.2022
орналасқан
жатыр
орын тепкен
кездеседі
ұқсайды
шұғылданады
жасайды
дамып келеді
көрсетеді
саналып
ұсынып келеді
4,4(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nipogodin
nipogodin
21.11.2022
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер. Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. Халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған: Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында.Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын: Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады. Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
4,7(15 оценок)
Ответ:
dgfdgrrfd
dgfdgrrfd
21.11.2022
Ақтау қаласының өмірге келу тарихы туралыАқтау қаласының өмірге келу тарихы XX ғасырдың 40 жылдарының аяғы, 50-жылдарының басында екінші дүние жүзілік соғыстағы одақтас елдер – КСРО мен Америка Құрама Штаттары жанталаса атом қаруымен қарулана бастаған қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі саяси жағдаймен тығыз байланысты.Қысқа мерзім ішінде КСРО-ның сенімді ядролық қорғанысын құру мәселесі уран рудасына деген қажеттілікті алға тартты.1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің «Уран өндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, КСРО Ғылым Академиясы жанынан атом ядросының арнайы зертханасын ашу міндеттелді, барлық геологиялық ұйымдар радиоактивті рудаларды іздеуге жұмылдырылды.КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы геология мәселелері жөніндегі Комитеттің алдына Орта Азия, Казақстан, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан уран кен-орындарын іздеуді ұйымдастыру міндетін қойды. Осы жылдың мамырында министрліктер мен ведомстволардың геологиялық басқармаларында арнайы топтар, партиялар мен отрядтар құрылып, алдымен тау жыныстарының, кендерінің коллекцияларына тексеру жұмыстары басталады.1945 жылдан бастап атом энергиясын игеру кең ауқымда жүргізіле бастаса да, елді табиғи уранмен қамтамасыз ету шешілмеген мәселенің бірі болып қала берді. И. В. Курчатовпен қатар кеңестік атом жобасының басты жетекшілерінің бірі ретінде КСРО орта машина жасау министрі Е. П. Славский «… алғашқы реакторға елде бар уран кенінің қоры түгелге жуық салынды. Реактордың әрі қарай жұмыс жасауы үшін қажетті уран тапшы еді…»,- деп еске алады. Осы уақытқа қарай КСРО-да бірнеше радиоактивті кен орындары белгілі бола тұра, олардың бәрі уран қорының аздығына байланысты атом өнеркәсібінің шикізаттық негізі бола алмады. Осындай жағдайда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1945 жылдың қазан айында радиоактивті шикізатты іздеу, барлау мақсатында өндірісті шоғырландыру және мамандандыру туралы қаулы қабылдап, барлық күшті атом өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдыруға шақырды. Осы қаулымен мемлекеттік геология комитетінің құрамында алғашқы Бас геологиялық барлау басқармасы құрылып, 1946 жылдың сәуіріне қарай бүкіл ел территориясында геологиялық барлау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын 270 арнайы далалық геологиялық партияларды құру жоспарланды.«Уран» стратегиясы 1946-1947 жж. алғашқы нәтижесін бере бастады: уран кен орындары орналасқан бірнеше жаңа аудандар анықталды.Алғашқылардың бірі болып, 1950-жылдары Маңғышлақта Меловое мүйісінде бірнеше жаңа уран кен орындары ашылды, оларды ашушылар қатарында – Л. Н. Скосырев, Н. М. Шармин, Ю. Н. Тереховтар болды.Е.П.Славский «…уран рудасы мұнда аса бай болмаса да, кешенді. Уранды осы жерден байыту оған деген аса мұқтаждықтан ғана туындады. Бұл – шөл далада жаңа қала салудың алғы шарты болды…»,- деп бірнеше жылдар өткен соң ғана қаланың салыну тарихының бір құпиясын ашады.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
4,8(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ