М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aliskaiii
aliskaiii
10.10.2022 00:32 •  Қазақ тiлi

Газет журналдар мен энциклопедияны пайдаланып, майдангер ақын-жазушылардың бірі туралы ойтолғау жазыңдар. ( 30 )

👇
Ответ:
HeLLDeViLL
HeLLDeViLL
10.10.2022

Бауыржан Момышұлы.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

4,7(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Yanika159
Yanika159
10.10.2022

Астана арман қала

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.

4,5(72 оценок)
Ответ:
azko
azko
10.10.2022
Это перевел переводчик:
Lwï-Şarl Mahé de La Bourdonnais däwletti otbası keldi jäne jastar şaxmat oynap köp waqıt jumsadı - Parïj Kafe de la Regence ol tün jarımına deyin kün sayın derlik otıratın öz üstel boldı. Ol konw kem degende, keybir somanı qoyuğa dayın boldı kimge qarsı oynadı. Lwï-Şarl Mahé de La Bourdonnais Francïyada eñ qwattı oyınşı sol waqıtta sanalğan Aleksandr Deshapelya, sabaq aldı.

Ol erte 1820 jıldan bastap dep sanaladı. jäne öler aldında, Lwï-Şarl Mahé de La Bourdonnais älemdegi eñ mıqtı şaxmatşı boldı. (Mawsım-qazan 1834 London, altı matç, 85 taraptardıñ jalpı) Aleksandr McDonnell paydalanğanına bar matçtardıñ Lwï-Şarl Mahé de La Bourdonnais serïyası Osı kezeñ şaxmat ömir ortalıq is-şara bolıp sanaladı.
4,6(66 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ