Табиғат. Табиғаттың адам өміріне маңызы туралы реферат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Менің арманымдағы үй.
Менің арманымдағы үй қандай болу керек? деген сұраққа жауап берер болсам, мен көп қабатты үй емес, жер үйде тұрғанды армандаймын. Себебі, ауласы кең, далаға қашан шыққың келсе, өз еркіңде, онымен қоса, жер үйде көкөніс пен жеміс – жидектер өсіріп, піскен кезде еңбегіңнің жемісін көресің. Оған қоса, мен көп бөлмелі, екі қабаттан тұратын үйде тұрғанды қалаймын. Екі қабатты болғандықтан, әрбір қабатта кем дегенде бір жуынатын бөлме мен дәретхана болғанын қалар едім, отбасымыз үлкен болғандықтан, бұл өте қолайлы болушы еді, әсіресе, таңғы уақытта барлығымыз сабақ пен жұмысқа дайындалған кезде. Әрине, үйдің іші соңғы жөндеуден өткізіліп, тұрмысқа қажетті жаңа жиһаз бен ас үйге қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі технканың дамыған заманында осынау заманауи құралдар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар, ең маңызды құндылық – бос уақытты көбейтеді. Сонымен менің арманымдағы үй толығымен жабдықталды делік, енді аулада балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы болса, менде басқа арман болмаушы еді. Сабақтан келіп, үй тапсырмасын орындап, аулада армансыз ойнаушы едім. Ал демалыс күндері отбасыма көмектесіп, бақшада жұмыс жасаушы едім.
Ал сіздің арманыңыздағы үй қандай?