М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nakjuo
nakjuo
07.05.2020 23:31 •  Қазақ тiлi

Сұраулы жоспар құра отырып,ана тілінің мәні мен маңызы туралы шағын мәтін жазыңдар. мəтін түрлеріне қатысты өз ойларыңды ортаға салыңдар

👇
Ответ:
danilbalabanov
danilbalabanov
07.05.2020

Ана тіліміз – ең басты байлығымыз.

Жоспар.

І Ана тілі дегеніміз не?

ІІ Қазақ тілінің мәні мен маңызы неде?

ІІІ Ана тілі үшін не істей аламыз?

"Анам берген туған тілім,атам берген құрал тілім" демекші,ана тілі – әр халықтың туған тілі,алтын қазынасы.Менің ана тілім – ана сүтімен бойыма дарыған қазақ тілі.Ана тілі – халқымыздың бүгіні ғана емес,өткені мен ертеңі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біліп,үйрене бастаймыз.Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі.Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. "Әр халық өз ана тілінде ғана бақытты" деген соны білдіреді деп білемін.

Халық үшін ана тілінің мәні тереңде,ал маңыздылығында шек жоқ шығар,сірә.Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш.Осы тілімізде біздің бар арман-мақсатымыз,байлығымыз бен сүйенішіміз.Ана тілімізді қорғау үшін осы күнге дейін қаншама жандар мерт болды.Осыдан-ақ оның маңыздылығы әлдеқайда едәуір екендігін көреміз.

Әлемдік аренада мүлдем жойылып кеткен тілдер де бар.Елімізде көп тіл білуге ұмтылушылар көп.Әрине,көп тіл білу – ой-өріс кеңдігінің айғағы.Бірақ өз ана тіліңді ұмытпа.Себебі,дана халқымыз айтқандай:"ана тілің алпыс тілге татиды".Ана тіліміздің одан әрі көркейіп,дамуы үшін біз қазақ тілінде көп оқып,көп сөйлеп,сөз арасын бөтен сөзбен ластамауымыз керек деп білемін.

4,6(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
тикон3
тикон3
07.05.2020

Ақпараттық мәдениет

Объяснение:

Біз барлығымыз мәдениет туралы білеміз.Мәдениет - бір адам екінші адамқа құрметтілік көрсетіп сыпайы сөйлеуі.Қалай мәденитетті сөйлетінімізді де білеміз.Бірақ ақпаратты мәдениет туралы білеміз бе? Ақпарттық мәдениет туралы, біз мысалы мәдениетті сөйлеген кезде ақпараттар жинап аламыз.Мен екінші адамға дөрекі сөйлейміңбе әлде мәдениетті сөйлейміңбе? Әрине мәдениетті сөйлеймін.Бұл менің сыпайлығымды үлкенге деген құрметтілігімді білдіреді.Яғни бір адамға сөйлемес бұрын мәдениеттілік туралы ақпарат жиып алуымыз керек.Ақпартты жинап есімізге сақтап аламызСосын ғана біз мәдениеттілікті сақтаймызМен міндетті деп тұрған жоқпынӘрине ,әркім өзі біледі.Бірақта біз мәдениетті сөйлей білсек,барлық жетістіктерге жетесізАқпарттық мәденит деп осыны айтамыз
4,8(32 оценок)
Ответ:
фреска25
фреска25
07.05.2020

Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. Мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.

4,5(36 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ