Сынып жетекшіміз сынып оқушыларын кітапханаға саяхатқа алып барды. Кітапханадағы апай бізді жылы жүзбен қарсы алды. Мұнда кітаптар өте көп екен. Қиял-ғажайыпқа толы ертегі кітаптар, қызықты әңгімелері мен суреттері көп әртүрлі журналдар бар. Кітапханашы апай бізді кітап көрмелерімен таныстырды. Әсіресе Президентіміз Нұрсұлтан ата туралы көрмеге көп тоқталды. Қазақстан туралы кітап көрмесі өте қызықты болды. Біз кітапханадан қызықты мағлұматтар алдық. Кітапханаға жиі келіп, қызықты кітаптарды оқып тұруға келісіп, әсерлі көңіл-күймен үйге тарастық.
Мен - облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің елу жылдан бергі тұрақты оқырманы әрі жергілікті жерден азды-көпті мақалалар жазып, қалам тербеп келе жатқан авторларының бірімін. Сондағы байқағаным – басылым үнемі уақыт талабына сай оқырмандарына қызмет етіп келеді. Қазір газеттен қаламы қарымды журналистердің ізденіспен атқарып келе жатқан еңбектерін танисың, сүйсінесің. Бүгінгі таңда тарихтың көзден таса қалған мәселелері төңірегінде де газетте аз жазылып жүрген жоқ. Бұл, әрине, оқырман қауымды қуантады деп ойлаймын.
Келер жылы «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 85 жыл толады. Осы мерейтойға орай айтайын дегенім, газетке аймағымыздағы әрбір қазақ отбасы тұтас бір жылға жазылса екен деймін. Сонда рухани байлығыңыздан көз жазбайсыз, отбасыңыздағы ұл-қызыңыз да бұл басылымды оқып, пайдасын сезінер еді.
Сөзімнің соңында, «Сарыарқа самалы» газетінің мерейі үстем, мәртебесі биік болсын демекпін.