Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады.бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. түрлі қ, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - нью-йорктегі фабрика мен мақта- мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.1908 жылдың 8 наурызында нью-йорктың социал-демократиялық көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке шыққан-ды. оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. сонымен қатар, әйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.1909 жылы американың социалист ік партия сы әйелдер күнін жариялады. ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы копенгагенде өткен әйелдер жиынына ақш-тан делегаттар келді, олардың арасында клара цеткин де болды. ол екінші халықаралық социалист әйелдер конференциясының делегаты еді.1910 жылы беделді неміс социалист әйелі клара цеткин екінші халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін белгілеуді ұсынды. бұл копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. мұнда екінші интернациона дың 8-інші конгресі өткен болатын.бірінші халықаралық әйелдер күні германияда, австрияда, данияда, швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. көп қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда германияның, 9 наурызда австри я, чехи я, венгри я, швейцари я, голланди яның әйелдері, 2 наурызда франция мен ресейдің әйелдері бас көтерді.1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер халықаралық әйелдер күнін атап өтті. 1975 жылдан бастап бұұ-ның ұйғарымымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.
Жеңіс… Арман болған, Жеңіс! Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы сәтінде –ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Олардың саны күннен –күнге азаюда . Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен» ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен Мәншүк апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 27 млн адамның өмірін жалмады. Міне осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы намысқой қазақтың көксегені бүгін де орындалды деп ойлаймын. Ендеше, бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ. Қазақ болып туғандарыңды мақтан етумен қатар, ұлты үшін намыс пен күш- жігерін арнайтын, арлы жас болып өсу бақытын тілеймін. Сонымен, ардагерлер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын!
қайдан? – от куда?, қашаннан? – с какого времени? Жатыс септік кімде? – у кого?, неде? – на чём? в чём?
қайда? – где?, қашан? – когда?4. Барыс септік кiмге? – кому?, неге? – чему?, қайда? – куда?5. Ілік септік кімнің? – кого?, ненің? – чего? Табыс септік кімді? – кого?, нені? – что? Көмектес септік кіммен? – с кем?, немен? – с чем?