Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп-шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді бұрыннан бері фермаларда өсіреді.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау - бақшада өскен жеміс - жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең - жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең - шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Бауыржан Момышұлы.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.