Ғарышкерлер
Ғарышкерлер дегеніміз аспандағы ғаламшарлар мен жұлдыздарды зерттейді. Олар ғаламшардың қандай екенін, тіршілігін зерттеп, бақылайды. Қазақстандық ғарышкерлер Байқоңырға барып зымыранға отырып аспанға ұшады. Кейде әр елдің ғарышкерлері осы Байқоңырға келіп зымыранға отырады. Мысалы кейбір ғалымдардың айтуынша біз бір екі ғасырдан кейін марсқа көшуіміз мүмкін болады дейді. Тағы да ғарышкерлердің арқасында біз айды зерттеп біттік десе де болады. Менің арманым өскенде не астролог немесе ғарышкер болу.
Объяснение:
"Менің арманым өскенде не астролог немесе ғарышкер болу." осы сөйлемді соңына міндетті түрде жазыңыз өйткені мәтіг аяқталмай қалады
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.[1]
Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.
«Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.
Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққатанымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.
Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған