ответ:Біздің отанымыз Қазақстан .Қазақстаның тәуелсіздік алғанына 29 жылдай болды .Біздің тәуелсіздік алғанымыз тек батыр аталарымыз бен апаларымыздың арқасы.Олар тәуелсіздікке қол жеткізу үшін көптеген ерлік жасаған.Мысалы айтатын болсам ұлы отан соғысына Бауыржандай атамыз ,Мерген қыздар Әлия,Мәншүк апамыз және тағы басқа апа аталарымыз тәуелсіздік алу үшін отаның қорғау үшін соғысққа аттанды .Міне осы ата апаларымыздың арқасында 16 желтоқсан күні жеңіс келді .содан бері біз тәуелсіздік алдық .бізде 16 желтоқсан күні жеңіс күні болып саналады.бізге тәуелсіздік әкелгені үшін соғыс ардагерлеріне мың алғыс айтамын . Мен Жеңіс күнімен соғыс ардагерлерін және қазақстан азаматтарын шын жүректен құттықтаймын.
Объяснение:
Зайсан көлі — Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.Суының минералдануы 100 мг/л-ден артпайды, түсі көкшіл, мөлдірлігі 1,3 м. Химиялық құрамы жағынан хлоролы-натрийлі. Жоғарғы деңгейі мамыр айы мен маусым айының бас кезінде, төменгісі қыста байқалады. Қараша - сәуір айларында мұз құрсанып жатады.
Зайсанға Қара Ертіс, Көкпекті, Жарма, Кендірлік өзендері құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Өзеннің жалғасы көл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін баратын ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі Қара Ертіспен байланысты.Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыста төмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең төмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа тереңдігі 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Соңғы жылдары көлге құятын Қара Ертіс өзенінің суын Қытайда шамадан тыс пайдалану салдарынан Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендеп, аумағы кішіреюде. Қосылатын су мөлшері бұдан әрі азая берсе, Зайсан көлі бөгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.
Бүгінгі күні Зайсан көлінің ихтиофаунасы 21 түрден тұрады, оның ішінде 16 түрі байырғы немесе жергілікті балықтар болса, 5 түрі жерсіндірілгендердің қатарына жатады, яғни ол 24% құрайды. Әсіресе, бекіре, ақбалық, таймен, көксерке, табан, ақ қайран, сазан, т.б. көптеп ауланады. Табан, көксерке, алабұға, торта балықтарының таралу аумағы өте кең болып, көлдің барлық акваториясына жайылған, ал шортан көбінесе балық аулауға тыйым салынған жерлерде көп шоғырланған. Аққайран мен мөңке балықтарының бірнеше түрі шөптесін сияқты биотоптарда көбінесе өзендер шығанақтары мен жағалауларында кездеседі. Ал саны жағынан аз, сазан, қарабалық, нәлім сияқты балық түрлері сирек кездеседі. Бүгінгі күні жемдік қорға көлдегі табан балығы басымдылығының біраз азаюы салдарынан сазан, қарабалық, нәлім сияқты бағалы балықтар үшін өз санын көбейтуге мүмкіншіліктер туып отыр. Кәсіптік мәні жағынан төмен таутан мен торта балықтары саны жағынан көп емес[1]. Көл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме қатынасына пайдаланылады.[2][3]
Мен – тәуелсіз елдің ұланымын
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.