Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір - бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт - дәстүрі Әрбір отбасының өз құндылықтары болады . құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін . Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі . Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл - кеңестері Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан ғаламтордан көруге болады . Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі . Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар . Мысалы , кез - келген жанұяда дінді сақтау , некені бұзбау , ұрпақ жалғастыру , баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады
Компьютердің пайдасы мен зияны
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар Интернет арқылы әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Енді зиян жағына келер болсақ:
- Ең бастысы көп қолданса, денсаулыққа зиян, әсіресе көз бен арқаға көп зиян.
- Тым көп пайдалану компьютер мен ғаламторға тәуелділікке әкеліп соғады.
- Уақытты тиімді пайдаланбай, қалай өтіп кеткенін байқамайсың.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.