Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады
Қыс келді, қаланың барлығы аппақ қар жамылып тұр. Жерде жылтыр тайғанақ мұз, ал аспанда жарық күнді аспан. Қыста ауа өте таза болады. Бірақ аспанда құстар жоқ, олар жылы жерлерге ұшып кеткен. Гүлдер, шөп, ағаштар қардын астында ұйықтап жатқан сияқты. Мен қысты жақсы көремін! Таза салқын ауа керемет қой! Қыста жаңа жыл болады, ол менің сүйікті мерекем. Балалар түрлі костюм киеді, шыршаның алдында билейді, аяз атаға өлен айтып береді, одан сыйлықтар алады, жəне қыста біздін мектепте демалыс бар. Мен оны жақсы көремін, өйткені достарыммен ойнай аламын. Қыста мен қар лақтырып ойнаймын ол өте қызық. Отбасыммен Медео айдынына бара аламын, шанамен қардын үстінде сырғанаймын. Мен қысты жақсы көремін!