Ер мойнында қыл арқан шірімес. Ер жігіт екі сөйлемейді. Сен менің артымнан ер. Атқа жаңа ер жасатқыздым. Мынау ат өте асау екен. Көп алдында ауызды толтырып тамақты асау әдепсіздік. Сен тәрбиесіз, сөзінде тұрмайтын, дөрекі адамдардан қорық. Біздің елімізде қорық бар ма? Ол келгелі бері жақ ашпады. Жарықты жақ, әйтпесе ештеңе көрінбейді. Мына кесе жарық екен. Ай болған соң бүгін түн жарық болып тұр. Сенің бетіңде қал нешеу? Бүгін күн суық, сондықтан үйде қал. Құстарға жем шаш. Шаш өсіру үшін шашқа жақсы күтім керек.
Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.