Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!
Спорт- денсаулық кепілі Денсаулықзор байлық демекші, әрбір адам өз денсаулығы үшін алаңдауы керек. Яғни, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, уақытымен ұйықтау керек. Міне, осының бәрі мықты денсаулықтың кепілі деп білемін. Спортпен шұғылданған адам әрдайым сергек ,әрі көңілді жүреді. Қазіргі таңда спортпен шұғылдануға көп мүмкіндіктер қарастырылған. Яғни, фитнес клубтар бой көтерген. Сол фитнес клубтарға дағдылы барудың арқасында керемет жетістіктерге жетуге болады. Спорт пен айналысу адамның ішкі құлшынысына тікелей байланысты. Сондықтан, денсаулығыңды жақсарту тек қана өз қолыңда.