Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан
Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек», - деп Елбасымыз өз мақаласында жазды. Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақ жасау. Қазақтың Ұлы даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу арқылы қазіргі жастардың рухын көтеруге, жүректерінде патриоттық сезімдерін оятуға болады. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын. Көрмеге кітапхана қорындағы кітаптар қойылды.
Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 20 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тәтті ұғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол – талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бұл күрес жолында жанын салған-ды.
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны- азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.
Атақты айтыскер ақын Амангелді Жүсіпұлы:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де көресіні азаппенен-
деп жыр төккендей, жанқиярлық пен табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай, ХҮғасырда қуатты Қазақ хандығын құрды.