Алма – аспирин орнына жүреді.
Түймедақ шайы және қыша – асқазан жұмысын реттейді.
Картоп – жан күйзелісіне қарсы пайдалы.
Бұршақ – жүрек мазалағанға ем.
Кебек – асқазан ауруын жазады, қатерлі ісік ауруының алдын алады.
Шие – күніне 20 шие жесеңіз ол бір аспириннің әсерін береді.
Пияз бен сарымсақ – инфекцияларды жояды.
Жалбыз – асқазанның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, тұмау мен асқазан жарасы қаупін азайтады.
Жаңғақ – жүрек айнуын тоқтады, геморройды емдейді.
Қызылмия тамыры – мазасыздықты жояды, қан қысымын төмендетеді.
Армансыз адам болмайды. Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата- анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін. Ата-анам,сіңлілерім,туыстарым барлығымыз бір отбасы болып мерекелерде үлкен дастархан басында бас қоссақ, мен қатты қуанамын.
Менің кішкентай сіңлім дүниеге келгенде үйдегілердің барлығы қатты қуанды. Мен де қуанышты болдым. Біздің отбасында төртінші қыз бала дүниеге келгендіктен, апам оның есімін Ұлжан деп атады. Себебі, бұл есімнің мағынасы қыз артынан ұл ерсін дегені. Ұлы Абай атамыздың анасының аты Ұлжан болған екен. Анасы өте ақылды ана болыпты. Сол сияқты менің де сіңлілерім ақылды болып өссе екен деймін. Мен үйдің үлкенімін. Сабақтан қолым босағанда сіңлілерімді ойнатамын, оларға қарап жүремін. Ата-анамыз біздерді қатты жақсы көреді. Әрине, ата-анамыз үшін біздер - олардың көз қуанышымыз, бірақ, әр отбасында ұл баланың орны қашанда бөлек болатынын мен жақсы білемін. Сондықтан да, менің ең үлкен арманым - үйге тағы да кішкентай нәресте келсе, ендігі нәресте ұл бала болса екен деп армандаймын. Анам ұл баланы дүниеге әкелсе, менің ең үлкен арманымның бірі орындалар еді. Мен оның атын өзім қояр едім. Күнде сабақтан келген соң, ойнамасам да, анамның жанынан кетпей, нәрестеге қарауға көмектесіп, бесігін тербетіп, әлдиін айтар едім.
Мен арманымның орындалуын асыға-асыға күтемін. Менің осы жазған арманымды оқып отырған сіздің де армандарыңыз орындала берсін- деп эссемді аяқтаймын.
Көрші елдермен достықта,татулықта болу – Бұқар жырының өзекті тақырыбы.
Қазақ даласында небір елін жаудан қорғаған өр батырлар да, елінің татулығын,бейбітшілікті ту етуден талмаған ақын-жырауларда болған.Сондай нар тұлғалардың бірі – Бұқар жырау.Ол қазақтың ұлы жырауы,жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы белгілі Абылай ханның ақылшысы.
Бұқар жырау кезінде сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгілетін болған.Осыдан оны ел-жұрт "көмекей әулие" деп атап кеткен екен.
Жырау жырларын әр түрлі тақырыпқа арнаған.Алайда ең басты тақырыбы халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау болды.Оған дәлел
жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” деген жырлары.Әсіресе,Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық,басқыншылық саясаты,зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.Мысалы,“Қилы заман” толғауындағы мына бір жолдар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды... Осыдан-ақ оның қазақ халқының бұлыңғыр болашағына сыни көзбен қарап,халқының дұрыс жолмен алға жылжығанын қалайтындығын көреміз.
Қорытындылай келе,Бұқар жыраудың толғаулары,шын мәнінде, Абылай дәуірінің айшығы.Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл,орақ тілді,дуалы ауыз кемеңгер өмірінің соңына дейін елің қамын ойлады.