ответ: -Ребята,сегодня поговорим о великом казахском поэте,мыслителе Абае Кунанбаеве.
- Какие стихотворения Абая вы знаете?
- Стихотворение "Зима". Здесь говорится о наступлении суровой зимы в казахской степи.Поэт олицетворяет зиму старым сватом, белым дедом. Изображает его как деда в белой шубе,плечистым,седым,с серебристой большой бородой.
-А какими звуками передаёт наступление зимы автор?
- Сначала рисует морозные дни,далее переходящий в буран,затем холодный морозный ветер дует сильно,что шестикрылая юрта богатая пошатнулась.
-А как ведут себя дети ?
- Сначала им было забавно,но вскоре у них замёрзли лица и руки.
- Каково в такой день пастухам?
- Одетый в шубу пастух тоже не смог устоять и отвернулся от морозного дыхания зимы.
-Какие ещё трудности зимой в казахском ауле?
- Даже выносливым коням трудно достать траву из-под снега, к тому и волки норовят стащит какое-нибудь животное из стада.
Перевод:
- Балалар,бүгін біз қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев жайында айтамыз.
- Абайдың қандай өлеңін білесіңдер?
- "Қыс" деген өлеңінде ақын қазақ даласына қаһарлы қыстың келуін суреттейді. Ақын қысты ақ киімді,сақалды,кәрі құда,күмістей сақалды шал бейнесінде кейіптейді.
- Автор қыстың келуін қандай дыбыстармен береді?
- Әуелі ызғырық суық жел дауылға ұласады, одан соң қарлы боран соққанда алты қанат үй шайқалды.
- Ал,балалар қайтті?
-Балалар әуелі қызық көріп ойнады,сосын қолдары мен беттерін үсік шалып,тоңды.
- Малшының жағдайы қалай болды?
-Тон киген малшы да қыстың аязды үскірік демалысына қарай алмай теріс айналды.
- Қазақ аулында қыста тағы қандай
қиындықтар болады?
- Төзімді жылқы малы да қарды теуіп шөп жей алмайды, бір жағынан қасқырлар малға шабады.
Объяснение:
Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Бекет Ата бес мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда», бесіншісі Маңғыстау ауданы Тобықтыда дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген.
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.