М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Диалог на тему " зергерлік бұйымдар "

👇
Ответ:
Катя7544
Катя7544
25.05.2021

қолдан түсті металдан жасалынған  әшекей құралдар

Объяснение:

4,6(84 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Thefirstthing
Thefirstthing
25.05.2021
--Сәлем !
--Сәлем!
--Не істеп отырсың?
--Мен кітап оқып отырмын.
--Кітап не туралы ?
--Кітап құстар туралы.Мен құстарды жақсы көремін.Сондықтан құстар туралы көп оқимын..
--Неге саған құстар ұнайды?
-Құстар өте пайдалы Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Құстар табиғатқа сән береді.Олар адамның көңіл күйін көтереді.Мысалы қарлығаш адамның досы,Ол өзінің ұясын ауланың айналасына салады.Оңың өз әні бар ,әні құлаққа жағымды.Қарлығаш адамға саулық ,жақсылық және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренді.
--Біздің елімізде қандай құстар бар?
--Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар қарлығаш, көгершін, тоқылдақ қара торғай,торғай ,аққу,бұлбұл сауысқан  тағы да басқалары.
--Құстардың қандай түрлері бар?
--Құстардың жабайы,қолға ұстайтын асыранды түрлері бар.
--Саған қандай құстар ұнайды?
--Маған аққу ,қарлығаш,тоқылдақ көгершін құстары  ұнайды.Аққу әдемі ,киелі ,қаситті құс.Көгершін бейбітшілік құсы..Тоқылдақ -орман емшісі деп атайтын құс.Ол ағаштарды зиянды құрттардан тазартады.
--Рахмет әңгімеңе досым .Құстар туралы енді көп білетін болдым.Сау бол.
--Сау бол.
4,6(72 оценок)
Ответ:
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
4,7(66 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ