Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.
Жаңа жыл қарсаңында біз тұратын Қарағанды облысының аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жиі жауады.
Осындай қар қалың түскен күндері мен әкем мен ағама қар күреуге көмектесемін. Сонымен қатар ағам екеуміз демалыс күндері отын жарып, келер аптаға дайындап қоямыз.
Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.