М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
TEMA3232
TEMA3232
14.12.2021 21:58 •  Қазақ тiлi

Тіл саласы термині: қ термин: биологиялық термин: қ термин: қ термин: образдың түрлері жаттығу 9класс болындарш емаее керек гоо, ору с себя крч ну

👇
Ответ:
SOSmi
SOSmi
14.12.2021

Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:

а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.

ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.

б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.

Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия, омоним, синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.

Физикалық терминдер: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар .

Биологиялық терминдер: биология, ботаника, жасуша, микроскоп, жасуша қабықшасы, цитоплазма, пластид, лейкопласт, хлоропласт, хромопласт, ұлпа, түзуші ұлпа, жабын ұлпа, қор жинаушы ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа, фотосинтез, мүше, мүшелер жүйесі, биосфера, популяция, биогеоценоз, макроэлементтер, микроэлементтер, гидрофильді, моносахаридтер, дисахаридтер, генетикалық код және т.б.

Математикалық терминдер: қосу, алу, көбейткіш, көбейтінді, алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.

Химиялық терминдер: оксид, натрий, хлорид, элемент, периодикалық жүйе, реакция, көміртегі, қышқыл, азот, химиялық қосылыс т.б.

4,7(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
hcjdbghfgyfjfh
hcjdbghfgyfjfh
14.12.2021
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
4,8(35 оценок)
Ответ:
диана128
диана128
14.12.2021

Құрметті,Робинзон Крузо.Сіз туралы енді оқып,біліп жатырмын.Сіздің осы бір шытырман оқиғаңыз мені қатты қызықтырды.Егер де сіз секілді осындай жағдайға душар боп,бір аралда жалғыз қалсам не істемекпін деген ойлар мазалайды.Сіздің тапқырлығыңызға,батылдығыңызға таң қалдым.Сәл қорықсам да,мен де өз өмірімде осындай оқиғаларды қалаған болар едім.Сіз туралы кітаптан да,фильмнен де көрдім.Егер сол кезде сізбен бірге жалғыз қалып қойсам,өкінбес едім.Себебі,сізден үйренерім көп екендігіне көзім жетті.

Хат жазушы: ( сенің есімің/твоё имя ).

4,6(60 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ