М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vadimminaev228
vadimminaev228
24.03.2020 04:30 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на казахском языке на тему : жетi киелi сан

👇
Ответ:
egn96637
egn96637
24.03.2020
Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
4,8(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Өнерім – өмірім» менің ойымша бүгінгі таңда Димаш Құдайберген толық сенімділікпен айта алады. Себебі, бұл әнші өнерлі отбасында дүниеге келіп, туа біткен дарынын шыңдап, бүгін әлем мойындаған, барша жұрт өнеріне тәнті болған, атағы жер жарған Димаш Құдайбергенге айналды. Өз таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал тұлғаға айналды. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.

4,6(29 оценок)
Ответ:
синийлис1
синийлис1
24.03.2020

Қайың (лат. Betula) — қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!

Объяснение:

Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.

4,5(34 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ