Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[1]. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды.[2] Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.[3]
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.