Шығарма
Қысқы тіршілік.
Аппақ қармен қыс та келіп жетті.Айнала бейне бір ақ тоңға оранғандай.Таңертең қардың ұлпа-ұлпа боп жаууы - ең керемет сәттердің бірі.Бірақ қолына күрегін алып қарды әрі-бері ашып жүргендер де жетерлік.Қар ашылған соң,отын жинау керек.Ағаштарды үсті-үстіне қойып жарып,үйге асыға тасуға тура келеді.Себебі,сары аяз тоңдыртпай қоймайды.Кейін көмірді пешке сатыр-сұтыр етіп салып үйді жылытасың.
Қорадағы екі-үш мал да өз азығын күтіп тұрады.Осы кезде оларға шөп салып,суарасың.
Кешке барлық отбасы мүшелері жиналып,ыстық шаймен бойларын жылытады.Осындай қызба тіршілігімен қыс қызықты еді.
Күрделі сөздер: таңертең,ұлпа-ұлпа,әрі-бері, үсті-үстіне, сатыр-сұтыр,екі-үш,отбасы.
Қысқы тіршілік.
Қылышын сүйретіп қыс та келіп жетті. Ауыл – аймақтың барлығы ақ ұлпа қарға оранып жатыр. Қыстың ерекшелігі - осы аппақ қары. Әсіресе маған ұнайтыны - аязды күні аяқ астындағы қардың қырт – қырт еткен дыбыстары.
Қыстыгүні а ерекше көңіл – күй болатын сияқты. Балалар далада беттері қызарғанша армансыз ойнап, аққала жасап, төбешіктен сырғанап, қар лақтырысып ойнайды. Ал үлкендер болса, Жаңа жылға дайындалып, барлық туған – туыс, дос – жарандарға сый – сыяпат әзірлейді.
«Қыс - аязымен,жаз – самалымен» демекші, қысты аяз бен борансыз елестету мүмкін емес. Далаға шықсаң, екі бетің мен мұрның әп – сәтте қып - қызыл болып шыға келеді. Ал таңертең оянғанда терезеге аяз салған оюдың өзі бір қызық дүние.
Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен ізбасарларының ойынша, бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған.
Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі – махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та, рақымдылық та болды. Оның өзіне тән орындаушылық стилі болатын, өзінің ұлттық домбыра мектебі де болды.
Құрманғазының өмірі көптеген оқиғаларға толы болды. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының жетекшілігімен басталған Бөкей ордасы қазақтарының ұлттық көтерілісін (1836-1837 жж.) көрді. Сол уақытта Махамбеттің отты жырлары мен Құрманғазының бүлікші күйлері қазақ даласына тарап, халық жүрегінен үміт отын оятты. Бүлікші күйлері мен билікке бағынбаушылығынан Құрманғазы қудалауда болып, қамауға да алынды, сондықтан ол көп уақыт бойы туған жерінен алыста болуға мәжбүр болды.
Құрманғазы орыс мәдениетінің өкілдері – филологтармен, тарихшылармен, этнографтармен таныс болған, олар қазақ музыкасы, музыканттар мен ұлттық аспаптар жайлы материал жинаған. «Ләушкен» күйін Құрманғазы орыс досы ақын Н. Савичевке арнаған, ол Құрманғазыға өмірінің қиын сәттерінде қол ұшын созған. Оның достық сезімі сонымен қатар, «Машина», «Перовский марш» және т.б. күйлерде көрініс тапқан.
«Сарыарқа» күйі Құрманғазы шығармашылығының биік шыңы, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі болып табылады. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды, халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.
Құрманғазының ұлттық домбыра мектебінің дәстүрін сақтаушылар –халық композиторының бай мұрасын біздің уақытқа дейін жеткізген күйші ұрпақ.