М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
denik228
denik228
27.08.2021 03:21 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском казахские национальные игры

👇
Ответ:
89132508504
89132508504
27.08.2021

Ханталапай - қазақ халқының ұлттық ойыны.

Асық ойындары қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойыны. Асық ойнау баланың жүйке жүйесін жастайынан шыңдап, оны икемділікке, ептілікке, ширақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдылыққа, дәлдік пен ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ертеде ата - бабаларымыз тіпті сәби дүниеге келмей тұрып оған арнап асық жинаған. Асық ойыны - тек қазақ халқына ғана емес, сондай - ақ Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттарына тән ойын.

Солардың бірі - "Ханталапай" ойыны. «Ханталапай» асықпен ойналатын ойынның бір түрі. Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Ойынға ондаған асық және қызыл түске боялған тағы бір асық керек. Қызыл түсті ерекше асық – хан. Ойынға қатысушылардың саны екеуден көп болуы тиіс.

Ойын басында асықтартарды уыстап алып алаңға шашу керек. Одан соң бүгінен, шігінен, алшысынан түскен асықтарды өз теңімен, яғни бүк түскенін бүгімен шертіп отырып ұпай жинаймыз. Асықтарды тигізе алмаған ойыншы кезекті келесі ойыншыға береді. Қызыл асық – хан ең соңғы кезекте шертіліп алынады. Ханды алған адам ойынды ұтады. Қалған жеңімпаздар жинаған асықтарының санына қарай анықталады.

Ойынның ең қызықтысы – «хан талапай». Асықтар уыстап шашылған кезде қызыл асық алшысынан түссе ғана «хан таланады», яғни ойыншылар қырағылық танытып, үлгергенінше алаңдағы асықтарды мейлінше көп жинап, ең бастысы ханды алуға тырысу керек. Ереже бойынша қызыл асық қолына ілінген ойыншы жеңімпаз атанады.

Бұл ойынды жылдың кез-келген мезгілінде ойнауға болады. Әдетте жаз уақытында көп ойналады. Әдетте асықтар қызыл немесе басқа да түстерге киіз бен кілемге арналған жүндермен бірге боялады.

4,7(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kovtunenkoone
kovtunenkoone
27.08.2021

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.

Қазіргі Интернет желісі дамыған заманда дәстүрлі хат алу қалып барады.

Киімді сатып алмас бұрын киіп көру керек.

Мәриям шетелде іссапарда жүрген әкесін сағынып жүр.

Ұлы Отан соғысы басталғанда менің үлкен атам өз еркімен соғысқа барыпты.

Әлеуметтік желіге әдемі суреттерін жүктеп, апам бір күн ішінде танымал болды.

Каратеден ұлттық құрама команда Сингапурде өткен әлем біріншілігінен жүлделі оралды.

Болашақта әйгілі дизайнерлерге ұқсап, киім тігумен айналысуды армандаймын.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ тарихындағы орны ерекше даңқты балуан.

4,4(27 оценок)
Ответ:

 

КӨКТЕМ ТАҢЫ(стих про весну)
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Әуені кетпес құлақтан,
Бұлбұлдың әнін жырлатқан,
Тараштап шашты сипаған,
Самалы ескен қыр жақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Қозылар өріп қыраттан,
Су ішкен мөлдір бұлақтан.
Ат мініп бір-бір шабатын,
Бойшаңдау өскен құрақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Еңбектің әні оятқан,
Даланы көкке боятқан,
Шұрқырап шүйгін шалғында
Жусаған мал да тояттан,
Көктем таңы бұл атқан.

Жапырақ жайған бұтақтан
Қауызын жарып бүр атқан,
Өргізіп құстар балапан,
Бөктерге күнгей шұбатқан.
Көктем таңы бұл атқан.

Көкорай ғажап бар аймақ,
Бүр жарған гүлдер орайлап,
Нөсерлеп жаңбыр жауатын,
Күркіреп аспан, жай ойнап,
Көктем таңы арайлы-ақ.

4,5(78 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ