Паһ шіркін аналар-ай! Асыл анам сен туралы қанша айтсам да әңгімем таусылар ма?! Бірақ, сол әңгімені айту үшін менің асыл сөзімнің қоры жетпейді ме,- деп қорқамын, анашым! Мен сенің алдыңда өмір бойы борыштымын, жаным, анам. Сенсің ұйқысыз өткізген түндеріңді, мені уайымдау мен өткен күндеріңді, барлық көрген мен үшін қиыншылықтарыңды өтейтін қауқары болса. Өзіңе менің әрбір ісім қуаныш сыйласа, сенің мен бақыттымын деген сөзіңді естісем, анашым. Менде өзімді өте бақытты сезінер едім. Паһ шіркін аналар-ай ,- деген сөз балаңның өзіңе және басқа аналарға деген жүрегінен жарып шыққан ризашылығы, қабыл ал Анашым.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)